Аймақтар
1 мин оқу 395
Ақтөбе облысында өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
<p style="text-align: justify;">Елбасы тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында өрт қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Тексеру және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

«Арнайы комиссия бәрін мұқият тексеру қажет. Теледидар, газет және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Астанада орын алған қайғылы оқиға енді қайталанбауы тиіс»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейінді қызмет өкілдерімен өткен жиында.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, пеш жағатын және апатты жағдайдағы үйлерге ерекше назар аударылатын болады.
Бөлісу: