Аймақтар
1 мин оқу 385

Өткен тәулікте 16 мың текше метрден астам қар жиналды

<p style="text-align: justify;">5 ақпан қаланы қардан тазалауға 288 жұмыскер шықты. Бұл туралы&nbsp;Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Өткен тәулікте 16 мың текше метрден астам қар жиналды

Қар тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 342 бірлігі жұмылдырылды. «Қарды тазалауға 148 бірлік самосвал, 38 бірлік фронтальды жүк тиегіш, 65 бірлік сыпыру-жинау машинасы, 27 бірлік тротуар жинау техникасы, 17 бірлік құм шашқыш, 22 бірлік автогрейдер, 21 бірлік қар тиегіш, 4 бірлік ротор жұмылдырылды» деп хабарлады «Астана Тазалық» ЖШС. 5 ақпан жалпы  16 408 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Ал 16 қазан мен 5 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 571351 текше метрді құрайды.

Бөлісу: