Қазақстан
1 мин оқу 980

Елбасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет&nbsp;басшысы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты. 

– Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды, – деді Қазақстан Президенті.

Е.Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ, әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Бөлісу:
Елбасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорын қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар