Аймақтар
2 мин оқу 640

Алматыны алабажаққа айналдырмайық

<p style="text-align: justify;">Алматы көшелеріндегі қа&shy;быр&shy;ғалардан, көпір жақ&shy;тауларынан, автотұрақ&shy;тар&shy;дан, жерасты жолдарынан ашық әрі қанық түс&shy;ті бояулар&shy;мен салынған су&shy;рет&shy;терді, түсініксіз ала&shy;&shy;ба&shy;&shy;жақ жазуларды кездес&shy;тір&shy;генде, үйреншікті жайт&shy;қ&shy;а&shy;&shy;&shy; айналғандықтан, көп&shy;&shy;ші&shy;лік мән де бермейді.</p>

Алматыны алабажаққа айналдырмайық

Кө­­­ңіл­ қо­йып қарағанның өзін­де мұ­ның көше бұзақы­ла­рының ісі әлде өз алдына же­ке өнер екенін ажырата­ алмай қа­пе­лімде әрі-сәрі күй ке­шіп­ қалатыны бар. Алматы көше­­лерінде ма­ғынасы мен сапасы әр­түр­лі мұндай суреттер мен жазу­лардың көптігі сон­дай, «стрит-арт» немесе «граф­фити» деп ата­латын бұл кескіндердің маз­мұны күннен-күнге жеті­ліп, та­қырып аясы да ауқымды тар­тып келеді. Іл­ге­ріде әкім­­діктегілер кө­рік­ті кө­­­ше­­нің сиқын қашы­­р­ған­дарды қуа­лап, айыппұл салып, су­ре­тін өшіріп әлек болатын еді, қазір кері­сін­ше, ғима­раттар­дың қа­бырғасы арнайы­ тапсырыс­пен әрленеді. Шынында да, арасында көз тоқтатып қа­­рауға тұрарлық суреттер де кездеседі. Мұнымен ай­на­лы­­сатындар көрмеге, му­зей­ге баруға уақыты жоқ адам­­дарға өнер туындысын көшеде де тамашалауға бо­ла­тынын дәлелдеп, көр­сеткі­сі келетіндей. 

Дәл орталықтағы, Н.Назарбаев даңғылы мен Құр­ман­ғазы көшелерінің қиы­лысындағы үйдің тұ­тас бір қабырғасына са­лын­­ған ер адамның «стрит»­ бейнесінің өшпей тұрғаны­на бірталай жылдың жүзі болды. О бас­та қоғамға, қан­­­дай да бір әлеу­меттік тең­сіздіктерге байланыс­ты қарсылық құралы ре­тін­де пайда болған батыс­ жас­тарының әуестігі өнер­ дәрежесіне дейін өсіп, Ал­маты көше­сінің көр­кіне айнала бас­та­ға­ны, осы жо­лы рас, та­ңыр­қат­ты.­ «Ал­маның атасы» деп ата­латын бел­гісіз аза­мат­тың­ дәл осы жер­ден ал­­ма­ты­­лықтарға қарап тұ­руы­на «ArbatFest»-тің нә­тижесі бо­йынша қала әкім­дігі заң­­ды түрде рұқсат бе­ріп отыр. Ендігі жерде түн қа­раңғысын жамылып, қа­бырғаға бояу шашып ши­майлаудың қажеті жоқ, көшеде туған өнердің көше қалтарысында қалмай, дер­­бес шығармашылыққа дейін өскенін дәлелдейді бұл. Суреттің авторлары – Ре­сей шеберлері. Ерекше әдіс­пен салынған сурет бәл­кім, әдемі болар, бірақ стритшілер өнерін дәл осы­лай дамытуды мақсат тұ­тар болса, онда тұрғын үй­­­­лердің қабырғасына сұ­ранып тұрған өзіміздің де тау тұлғаларымыз бен­ қазақы өрнектеріміз же­тер­­лік-ау. Стритшілер су­ретін қымбатқа бағалап сал­­­­­­ғанымен, ол жеңіл қа­был­­­данатын өнердің арзан түрі болып есептеледі. Адам танымайтын аты жоқ белгісіздер қаптап, Алма­тыны арзан сурет басып, алабажақ қалаға айналмаса екен деген қауіптен туған бір ой – осы.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, 

«Egemen Qazaqstan

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыны алабажаққа айналдырмайық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар