Аймақтар
1 мин оқу 780

Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік

<p style="text-align: justify;">Астана төрінде өткен &laquo;Тәуелсіздік ұрпақтары&raquo; атты Жастар жылы&shy;ның&shy; ресми ашылу салтанатын І.Жан&shy;сүгіров атындағы Жетісу мем&shy;лекеттік университетінің оқыту&shy;шылары мен студенттері тіке&shy;лей эфир арқылы тамашалады. Алғаш&shy;қы кезекте елге танымал, білімді, іскер, өз кәсібін жүргізіп жүрген жастардың жігерлі сөз&shy;дерін естіп, олардың жас та болса атқарып жатқан үлкен істерімен танысып, қанаттана түстік.</p>

Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік

Ал Елбасының сөзі бойымызға жігер беріп, патриоттық сезіміміз­ді ұштады. Біздің Қазақстан­ның болашағын қалайтын азаматтар екендігімізді тағы бір мәрте терең сезінуімізге жол ашты. Елбасы биылғы жылды – Жастар жылы деп жариялауы тегіннен-тегін емес. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік. Біз тәуелсіз елдің ұрпағы Елбасы­ның салиқалы саясатын жүзеге асыру арқылы жастардың қолынан не келетінін дүниежүзіне танытуымыз керек. Олардың қолынан қандай іс келетінін сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз қажет. 

Елбасы бүгінгі жастарға қарата айт­қан сөзінде де елі­міз­дің көрікті жер­лері­нің бәрін аралағанын, әсіресе Ал­маты облысында мақтан тұтарлық жері­міздің көп екен­дігін атап өтті. Бізде Шарын шатқалы, Алтын­емел сынды өзге­лерге мақтанышпен көр­сететін табиғи байлығымыз жетер­лік. Соны қолжетімді етіп, туризмді дамыта білсек, еліміздің абы­ройы бұдан бетер арта түседі деп ой­лай­мын. Сондай-ақ Елбасы жаст­ар­ды сапалы білім алып, ғылымды дам­ы­туға, өркениет көшінен қалмай уақыт тала­бына сай адымдауға шақырды. Жас ға­лым­дарды қолдау мақсатында бөлінетін грант көлемін екі есе арттыруды тапсырды. Бұл бізге үлкен серпін берді.

Дамир ДИГАЙ, 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғылыми жаңалықтарды

 коммерцияландыру 

орталығының директоры

ТАЛДЫҚОРҒАН

Бөлісу:
Бұл – жастарға берілген үлкен мүмкіндік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар