Экономика
1 мин оқу 596

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толықтай е-ПИК жүйесіне қосылған

<p style="text-align: justify;">Арнайы жобаны аудан әкімдігі &laquo;Астана Innovations&raquo; АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.<br /> <br /> &nbsp;</p>

Есіл ауданының тұрғын үй қоры толықтай е-ПИК жүйесіне қосылған

«Есіл ауданының тұрғын үй қоры толығымен е-ПИК жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда келісім-шарттар бекітіліп, қызмет көрсетуші ұйымдардың барлығы бірыңғай жүйеге қосылды. Жоба тұрғындардың ыңғайлылығы үшін жұмыс істеп, қызмет көрсетуші ұйымдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді», – деді халыққа есеп беру кезінде аудан әкімі Төлеген Закарьянов.

Оның келтірген мәліметіне қарағанда, ауданда 482 көп пәтерлі тұрғын үй бар. 2017-2018 жылдары ауданда орналасқан апаттық жағдайдағы 22 үйдің 15 сүрілген. Бүгінгі таңда ауданда апаттық жағдайдағы 7 үй бар.

2018 жылы ПИК күшімен мақсатты алымдардың есебінен үйлердің подъездерінде, жабындарында, жылу тораптарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14 тұрғын үй кешенінің қасбеттері қалпына келтірілді.  

Бөлісу: