Бокс
1 мин оқу 383

Прагадағы UFC турнирінде айқасатындар анықталды

<p style="text-align: justify;">23 ақпанда Чехияның бас шаһары &ndash; Прагада өтетін UFC турнирінде Ресейде тұратын қандасымыз Дамир Исмағұловтың испаниялық Джоэл Альвареспен айқасатыны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.</p>

Прагадағы UFC турнирінде айқасатындар анықталды

Кеше айтулы жарыста өнер көрсететін барлық спортшылардың есімдері белгілі болды.  Осы кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы польшалық Ян Блахович пен бразилиялық Тьяго Сантос күш сынасады.

Өзге кездесулер Джон Додсон – Пётр Ян, Стефан Струве – Маркос Рожерио де Лима, Лиз Кармуш – Люси Пудилова, Даниэл Теймур — Крис Фишгольд, Дамир Хадзович – Марко Поло Рейес, Рустам Хабилов – Диего Феррейра, Гиан Виланте – Михал Олексийчук, Магомед Анкалаев –Дарко Стошич, Гилиан Робертсон – Вероника Мацедо, Карло Педерсоли –Дуайт Грант арасында өтеді.

28 жастағы Дамир Исмағұлов үшін бұл UFC-дегі екінші бәсекесі. Алғашқысын Австралияда өткізген қазақ жігіті жергілікті спортшы Алекс Горджесті ұпай санымен ұтқан болатын. Оның алдында қандасымыз М-1 нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленді. Дамирдің қарсыласы да өте мықты. 25 жастағы Джоэл Альварес 16 жекпе-жек өткізіп, 15 мәрте жеңіске жетті. Сол бәсекелердің барлығын ол мерзімінен бұрын аяқтаған.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Прагадағы UFC турнирінде айқасатындар анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар