Жаңалықтар
2 мин оқу 650

Әуежайды робот тазалайды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуе&shy;жайында (1-Терминал) коммерциялық және өндірістік нысан&shy;дардағы ауқымды кеңістіктерді тазалауға арналған автономды тазалағыш робот таныстырылды. Жобаны Tech Garden дербес кластерлік қорының портфельдік стартапы &laquo;ҚЗ автономды технологиялар&raquo; компаниясы Startup Kazakhstan акселерациясына қатысу барысында жүзеге асырды. Аталған бағдарламаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.</p>

Әуежайды робот тазалайды

Тұсаукесер барысында электронды тазалағыштардың қалай жұмыс істейтіні көрсетілді. То­лы­ғымен автономды құрылғы еден­ді жуу барысында адамдарды, қабырғаларды және басқа да кедергілерді айналып өтіп, кеңістікте адамның араласуынсыз қозғалады. Сонымен қатар робот үнемдеп, қайта пайдалану мақсатымен суды ішкі қорабында тазалайды. Жасанды интеллект элементтері енгізілгендіктен бір­неше робот бір бөлмеде бір-біріне кедергі келтірмей қозға­лады. Тіпті робот-жұмыскерлер қажет болған жағдайда, батарея мен суды ауыстыру мақсатында өздігінен базаға аттанады.

– Tech Garden ұсынған үш ай­лық акселерацияға қатысу ар­қылы қажетті білім алып, робот­ты өндірістік мақсатта құрас­тыруға дайын деңгейге жеткіздік. Содан соң Қазақстанда алғашқы ірі тапсырыс беруші компания­ны таптық. Бірінші роботтар Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында іске қосылды, – дейді жоба авторы Николай Потапов.

Қазіргі таңда аталған стартап қазақстандық компанияларға 100 роботты жеткізуге келісім жасасқан. Сондай-ақ ресейлік компанияларға 500 роботты жеткізу туралы келіссөздер жүр­гізуде. Бір роботтың құны – 2,5 млн теңге. Бұл роботтың тех­но­ло­гиялық сипаттамасы қол­да­ныстағы аналогтарынан жоға­ры болғанымен, бағасы бірнеше есе арзан. Қазір елімізде осы ро­бот­тардың өнеркәсіптік өндірісін құру мәселелері қаралуда.

«Елбасы қойған тапсырмаларды орындау аясында Startup Kazakhstan бағдарламасының нәтижесін көріп отырмыз. Мақ­сат – отандық стартаптарды қол­дау және шетелдік стартаптарды тарту арқылы Қазақстанда жо­ғары технологиялық компа­ниялар жиынтығын құру. Үкіметтің қолдауымен Tech Gar­den кластерінің айналасында то­лық экожүйе құрылып, ТМД елдерінен стартаптардың тиімді ағыны орнатылды. Бүгін Startup Kazakhstan бағдарламасының нәтижесінде якуттық стартаптың жоғары технологиялы қазақ­стан­дық компанияға айналуын көрдіңіздер. Аталған компа­ния Қазақстанда тіркеліп, са­лық төлеп, ел экономикасына қаты­суда», дейді Tech Garden дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Әуежайды робот тазалайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар