Қазақстан
1 мин оқу 425

«Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады

<p style="text-align: justify;">Бейне-бақылау камераларының көмегімен өткен жылы 69 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мыңнан астам қылмыс ашылды. 2018 жылы &laquo;Сергек&raquo; жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

«Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл сайын бейне-бақылау камералары орнатылады. Бейнекамералар орнатылған жерлерде құқықбұзушылықтар санының кемігенін байқауға болады.

Әкімдіктің қолдауымен қалада құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 5 мыңнан астам камера орнатылды, оның 420-сы «Қауіпсіз аула» бағдарламасының, 4 мыңнан астамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының аясында, ПИК және тұрғындардың өздерінің қаржысы есебінен орнатылды», – деді халыққа есеп берген Астана полициясы департаментінің бастығы Марат Қожаев. Оның мәліметінше, 2018 жылы «Сергек» жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бейне-бақылау жүйесін енгізу елорда жолдарындағы ЖКО санын 2017 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
«Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар