Жаңалықтар
1 мин оқу 520

Әскери қызметшілердің балалары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барды

<p style="text-align: justify;">Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында әскери қызметшілердің балаларына Сағадат Нұрмағамбетов атындағы &laquo;Жас ұлан&raquo; республикалық мектебіне экскурсия ұйымдастырылды.</p>

Әскери қызметшілердің балалары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барды

Жас патриоттар мектеп тарихымен, мектеп тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайымен танысып, кітапхананы, оқу-тарихи мұражайды, өзін-өзі дайындауға арналған оқу сыныптарын, спорт кешенін аралады. Павильонда қару үлгілері қойылып, онда балаларға олардың тактикалық-техникалық сипаттамалары айтылды.

Іс-шара соңында қонақтар мектеп басшылығына, әскери қызметшілерге және барлық оқытушылар құрамына қызықты және танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.

Бөлісу: