Жаңалықтар
2 мин оқу 364

СҚО-да жыл басынан бері 79 өрт тіркелді

<p style="text-align:justify">Биылғы ақпан айының 7 күнінде облыс бойынша 22 өрт тіркелді, 2 адам қызыл жалынның&nbsp;құрбаны болды.</p>

СҚО-да жыл басынан бері 79 өрт тіркелді

5 ақпанда Қызылжар ауданы Архангелское селосында жеке тұрғын үйден өрт шықты. «ВАЗ 2106» маркалы жеңіл көлік, тұрғын үй, шаруашылық құрылыстары жанып кетті. Оқиға орнында 47 жасар үй иесі қаза тапты. Өрт сөндіруге 13-ӨСБ, 2-МӨСБ, «Елім Қызылжар» ЖШС, «Молодая Агро» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымдары жұмылдырылды.

7 ақпан күні Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрғын үйлердің бірінде тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 80 жастағы үй иесі зардап шекті.  Өрт ТЖД «ӨС «АҚЖҚ» ММ 7-ӨСБ, «Айыртау элеваторы» ЖШС ЕӨҚ күшімен және құралдарымен жойылды. Өрт апатының болжамды себебі жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. 

Аяз кезінде, әдетте, пештерді пайдалану мен орнатуға байланысты өрт оқиғалары жиілейді. 

Пештен шығатын өрттердің фактілері Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында, Тайынша ауданының Чкалово ауылында, Айыртау ауданының Арықбалық ауылында, Шал ақын ауданының Ұзынжар ауылында, Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында, М.Жұмабаев ауданының Булаев кентінде, сондай-ақ, облыс орталығында, Целинная, Мопровской, Партизанская, 2-ші Лазутин өтпе жолы бойында тіркелген.

ТЖ департаменті азаматтарға пеш құрылғыларына сақтықпен қарауға, оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес берді.

Облыста өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, оның барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында аула аралауды, тұрғындармен әңгіме жүргізді, өртке қарсы жадынамалар таратады. 

Отпен абай болыңыз! Өрттің алғашқы белгілері анықталған жағдайда «101», «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

Жыл басынан бері СҚО бойынша 2 млн теңгеден астам шығын келтірген 79 өрт тіркелді. Өрт салдарынан 7 адам қаза болды.

Бөлісу:
СҚО-да жыл басынан бері 79 өрт тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар