Аймақтар
1 мин оқу 455

Қостанайда полицейлер ардагердің ұрланған медалін қайтарып берді

<p style="text-align: justify;">Қостанай қаласында 83 жастағы зейнеткер қалалық полиция басқармасының &laquo;Солтүстік&raquo; полиция бөліміне өзінің мерекелік медальдерінің ұрланғанын айтып, арыз берді.&nbsp;</p>

Қостанайда полицейлер ардагердің ұрланған медалін қайтарып берді

Оның пәтеріне түскен ұрылар ардагердің Ұлы Отан соғысы медальдерін және 5 төс белгісін алып кеткен. Қостанай қаласындағы 38 жасар азамат қолға түсіп, ол ардагердің ұрлаған медальдерін қайтарып берді.

Сонымен қатар полицейлер Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин поселкесінде бір үйден 7 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған 29 жасар ер адамды да ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оларды тиісті жаза күтіп тұр.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Бөлісу: