Спорт
1 мин оқу 513

Қазақстан теннисшілері бірінші орын алды

<p style="text-align:justify">Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан Федерация кубогының Азия мен Мұхит жағалауы аймағы бойынша іріктеу жарысының &laquo;А&raquo; тобындағы бәсекелер Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.</p>

Қазақстан теннисшілері бірінші орын алды

Бірінші ойында Таиландты ойсарата ұтқан жерлестеріміз келесі кездесуін Үндістанға қарсы өткізеді. Бұл бәсекеде біздің қыздардың пайдасына шешілді. Атап айтсақ, Зарина Диас Карман Каур Тханди 6:3, 6:2 есебімен ұтса, Юлия Путинцева Анкита Райннан айласын асырды – 6:1, 7:6.

Әрине, Қазақстан құрамасының бұл жеңісіне таңдануға болмас. Өйткені, қос теннисшіміз де әлемдік рейтингте өз қарсыластарынан әлдеқайда жоғары тұр. Мәселен, Юлия Путинцева WTA тізімінде 43-орынды иеленсе, Анкита Райннан 165-сатыға табан тіреді. Ал Зарина Диас 96-орынды еншілесе, Тханди Карман Каур 211-сатыға жайғасты.

Ертең Қазақстан құрамасы «В» тобының жеңімпазы Қытаймен күш сынасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Қазақстан теннисшілері бірінші орын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар