Аймақтар
1 мин оқу 515

Астанада өрттен уланған төрт бала ауруханаға түсті

<p style="text-align:justify">Астанадағы жатақханалардың бірінде төрт бала газдан уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Төтенше&nbsp;жағдайлар комитетінің&nbsp;ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.</p>

Астанада өрттен уланған төрт бала ауруханаға түсті

Оның айтуынша, 9 ақпанда жергілікті сағат 21:12-де Астана ТЖ департаментіне Байқоңыр ауданың Ойыл көшесіндегі жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келген. Үйдегі жиһаздар, тұрмыстық заттармен қоса 10 шаршы метр өртенген. Өрт 22:16-да толықтай сөндірілді.

«Тілсіз жаудан 10 ересек адам мен 1 бала құтқарылды. Газдан уланған 2006, 2009, 2012, 2013 жылғы балалар ауруханаға жатқызылды» деді Н.Нұрахметов.

Өрт электр желісінің ақауынан туды деген ақпарат бар. Құтқару жұмыстарына 15 қызметкер, 4 техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Астанада өрттен уланған төрт бала ауруханаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар