Спорт
1 мин оқу 402

Александр Бублик бабында екен

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Александр Бублик Венгрияның бас шаһары &shy;&ndash; Будапеште өтіп жатқан халықаралық турнирде табыста өнер көрсетіп, финалға шықты.&nbsp;</p>

Александр Бублик бабында екен

Алғашқы айналымда жерлесіміз канадалық Стивен Диасты 6:1, 7:5 есебімен ұтты. Келесі кездесуде ресейлік Павел Котовты қапы қалдырды ­– 6:7, 6:2, 6:2. Ширек финалда хорватиялық Виктор Галовичтен айласын асырды – 3:6, 6:4, 6:4. Жартылай финалда словакиялық Филип Хоранскиге сан соқтырды – 6:3, 6:0. Осылайша, Александр Бублик Будапештегі жарыстың бас жүлдесі үшін таласу құқығына ие болып отыр.

Ал жуырда ғана Болгарияның астанасы – Софияда ұйымдастырылған турнирдің екінші кезеңінде франциялық Гаэл Монфистен ұтылған Михаил Кукушкин Голландияның Роттердам қаласында жалауы желбіреген жарыста күш сынасуға бекініп отыр. Жүлде қоры 2 098 480 евроны құраған турнирдің алғашқы айналымда отандасымыз жергілікті теннисші Робен Хасемен шеберлік байқасады.  

Сондай-ақ, Роттердамдағы додада жапониялық Кей Нишикори, швейцариялық Стэн Вавринка, франциялық Жо-Вилфрид Цонга мен Жереми Шарди, чехиялық Томаш Бердых, ресейлік Карен Хачанов, испаниялық Фернандо Вердаско, италиялық Андреас Сеппи және канадалық Милош Раонич сынды танымал теннисшілер бақ сынауда.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Александр Бублик бабында екен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар