Қазақстан
1 мин оқу 290

«Цеснабанкке» капитал салды

<p style="text-align: justify;">First Heartland Securites (FHS) брокерлік компаниясы &laquo;Цеснабанктің&raquo; капиталын 70 миллиард теңгемен толықтырды. Бұл туралы LS хабарлады.</p>

«Цеснабанкке» капитал салды

Банктің 99,5 пайыз жай акцияларына иелік ететін компания бұл шешімді «Цеснабанктің» акцияларын сатып алу келісімшартының аясында жүзеге асырып отыр. 

«Цеснабанктің» қаржылық тұрақ­ты­лығын көтеру мақсатында соңғы бірнеше ай ішінде оған мемлекеттік қолдау ша­ра­сы көрсетілгені белгілі. Сөйтіп, проб­ле­малық несиелер қоры оның жалпы құ­ны 604 миллиард теңгені құрайтын ауыл­шаруашылық несиелер портфелін алған болатын. Оның мән-жайы туралы банк:

– Нарықтағы ахуалдардың жылдам өзгеруіне байланысты ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайлары нашарлады. Бұл банктің қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде банк капиталына жаңа инвестор тар­туға, ауылшаруашылық тауарын өндіру­ші­лерге қосымша қолдау көрсетуге жә­не олардың жағдайын жақсартуға қол жет­кізілді, – деп хабарлаған болатын. 

Сонымен қатар таяуда «Цеснабанк» АҚ басқарма төрағасы Ульф Вокурка қыз­метінен кетіп, оның орнына Бекжан Пір­метов тағайындалды. Бекжан Пірметов бұған дейін «First Heartland Securites» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген болатын. 

Назарбаев Университеттің президенті, Назарбаев зияткерлік мектептері Қам­­­қор­лық кеңесінің төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңе­сінің мү­ше­сі Шигео Катсу «Цеснабанк» АҚ Дирек­торлар кеңесінің басшылығына бар­ғанын да айта кету керек. 

Бөлісу:
«Цеснабанкке» капитал салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар