Қазақстан
1 мин оқу 861
Қалмұханбет Қасымов қызметінен кетті
<p style="text-align:justify">Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қалмұханбет Қасымовты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты.
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын, делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде.
Бөлісу: