Аймақтар
1 мин оқу 710

Ақтау қаласының №2 сотында фронт-офис ашылды

<p style="text-align:justify">Фронт-офис &laquo;Үлгілі сот&raquo; бағдарламасын іске асыру шеңберінде ашылды. Осылайша, өңірдің тағы бір соты халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескерілген &laquo;OpenSpace&raquo; азаматтарға тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаттарына толығымен көшті.</p>

Ақтау қаласының №2 сотында фронт-офис ашылды

Осы бағдарламаны іске асыру аясында  Ақтау қаласының № 2 сотының төрағасы Р.Бейсенов пен кеңсе меңгеруші Н.Ерджанов  Сарыарқа аудандық сотына тәжірибе алмасу үшін іс-сапарға барған болатын.

Фронт-офис жайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының тізімі мен талап және басқа да арыздардың үлгілері жазылған стендтермен жабдықталып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ақпарат орталығы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны, күту залы, медиатор мен адвокат кабинеттері де осында жайғастырылған.

Фронт-офисте азаматтар медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар алып, медиация тәртібімен дауларды шешуге мүмкіндік алады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Ақтау қаласының №2 сотында фронт-офис ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар