Аймақтар
1 мин оқу 491

«Smart Taldyqorgan» қосымшасы таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Талдықорғандағы &laquo;Жетісу - адалдық алаңы&raquo; жобалық кеңсесінде &laquo;Smart Taldyqorgan&raquo; ақылды қала жоба-қосымшасын талқылауға арналған жиын өтті.<br /> </p>

«Smart Taldyqorgan» қосымшасы таныстырылды

Бұл жобаның толық іске қосылуы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалары бойынша қызмет көрсетуді жеңілдетіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай туғызбақ.

- «Smart Taldyqorgan» қосымшасында білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көлік және жолаушы тасымалы, ойын-сауық, туризм, әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орындары жайлы ақпартпен қатар, қалада өтетін мәдени-көпшілік іс-шаралары, қажетті қызметтердің байланыс телефондары, коммуналдық қызмет үшін төлемдерді үйден шықпай-ақ төлеу мүмкіндігі, ұсыныстар мен тілектер және көптеген өзге де мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына бірыңғай интеграцияланған жүйе арқылы өмір сүрудің түрлі салаларында сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді, - дейді облыс әкімінің орынбасары  Ақан Әбдуалиев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Бөлісу:
«Smart Taldyqorgan» қосымшасы таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар