Парламент
1 мин оқу 300
Б. Сағынтаев экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
<p style="text-align:justify">Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Отырыс барысында халықаралық қаржы ұйымдарымен еліміздің өңірлерінде инфрақұрылымды жаңғырту саласында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия — консультациялық-кеңестік орган. Отырыстардың мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігін және тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі шешімдерді әзірлеу және қабылдау.
Бөлісу: