Жаңалықтар
1 мин оқу 337
Астанадағы полицейлер төбелесі: 5 қызметкер жұмыстан қуылды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласы полиция департаменті полицейлер арасындағы төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.</p>

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде таралған видеода екі полицей жекпе-жекке шыққаны байқалады. Сонымен қатар формадағы тағы үш полицей бұл көріністі бақылап тұрған.
«Тексеріс қорытындысы бойынша жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патрульдік полициясы басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төбелес кезінде болған бес адам, яғни екі учаскелік инспектр мен үш жол-патрульдік полицей ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада.
Бөлісу: