Аймақтар
1 мин оқу 500

Түркістанда шығыс моншасының іргетасы қаланды

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін шығыс моншасының іргетасы қаланды. Бұл туралы&nbsp;<a href="https://ontustik.gov.kz/kk/news/turkistanda-shygys-monshasynyn-irgetasy-kalandy">ontustik.gov.kz</a> хабарлады.</p>

Түркістанда шығыс моншасының іргетасы қаланды

Оған вице-премьер А.Мамин, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инсвесторлар  қатысты.

Вице-премьер Асқар Мамин шығыс моншасының іргетасымен құттықтап, сапалы жұмыс жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.

Шығыс моншасы – тарихи сәулет үлгісінде салынады. Оның құрылысына Қызылорда облысы тапсырыс берген. Аумағы 1730 шаршы метр. Құрылыстың мердігері «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС компаниясы.  Жаңа шығыс моншасының құрылысын 2019 жылдың қазан айында толық аяқтау  жоспарланған.

Бөлісу:
Түркістанда шығыс моншасының іргетасы қаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар