Жаңалықтар
2 мин оқу 1,460

Шындығы жоқ соғыстың жауынгерлері

<p style="text-align: justify;">&laquo;Фолиант&raquo; баспасынан белгілі журналист, Ауғанстан соғысының ардагері Ғалым Қожабековтің сұрапыл соғыс жайында көңілін құлазытқан, жүрегін тербеген сырлары мен естеліктері жинақталған &laquo;Қанды көйлек қарулас&raquo; атты жаңа кітабы жарыққа шықты.&nbsp;</p>

Шындығы жоқ соғыстың жауынгерлері

15 ақпан күні Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан жерінен шық­қанына 30 жыл толды. Ға­лым Қожабеков өз кітабында Ауған соғысының себептері мен­ салдарын пайымдап, қан майданда болған жауынгерлер туралы барынша жан-жақты ақ­па­рат береді. Майдан шебінен елге оралмаған жауынгерлердің аты-жөндерін атап, есімдерін ұлық­тайды.

«Ауғанстан жеріне КСРО әске­­рін кіргізуге не мақсат түрт­кі болды? Бұл соғыс кімге, не үшін қажет болды? Осы тұр­­ғыда сабақтап айтар болсақ, дәл осы уақытта КСРО мен АҚШ­ мемлекеттері арасында­ қыр­­ғи қабақ соғыс ушығып тұр­ еді. Сондықтан Ауғанстан аума­ғына ықпал жүргізу үшін бір жа­ғынан НАТО блогындағы одақ­тастарымен АҚШ, екінші жа­ғынан Варшава блогы жағы­нан КСРО өзара бәсекеге түсті. Бұл саяси бәсекенің ақыры Кеңес әс­керінің Ауғанстанға кір­гі­зілуіне әкеп соқты. Олай дей­тініміз, 1979 жылдың соңы­на қарай Ке­ңес Одағы Компар­тиясының сая­си бюросы Ауған­стан Демо­кра­тиялық Респуб­ликасына кеңес әскерін жіберу жөнінде «Еліміздің оңтүстік шекарасын қорғау мақсатында» деген ұйға­рыммен астыртын шешім шы­ғарған болатын. Содан Ауған­стан алапаты басталып кетті...» деп автор бұл соғыста қаза бол­ған жауынгерлердің өмір мен өлім арасындағы арпалысқа толы ғұмы­рын суреттейді. Тек қана жауынгерлерге ғана тоқталып қоймай, осы соғыстың ауған хал­­­қына әкел­ген зардабы мен қай­ғы­сын да жазады. Бұл соғыс кезінде сол елден 6 миллионға дейін адам эмиграцияланып, 

2 миллионға дейін адам ел ішін­дегі босқындарға айналыпты. Миллионнан аса ауғандық ажал құшқан. Оның сыртында сырт­тан келген жауынгерлерді де есепке алыңыз. 

Бұл соғыс кім үшін болды ра­сымен? Қазақ үшін емес. Қа­зақ мүддесі үшін емес. Ол – анық. Бірақ оған қазақ жа­уын­­герлері қатысты. Қазақ тағ­дыры бұл соғыстан тысқары бол­ған жоқ. Бұл соғысқа әлі та­рихи баға берілетіні анық. Қаламгер-майдангер Ғалым Қожабековтің өзі: «Мен біле­тін бір ақиқат – Ауғанстан соғысында алдымен шындық өлді» деп жазады. Шындығын жоғалтқан соғыста өмірін, арманы мен мақ­сатын жоғалтқан жандардың тағ­дырын қайда қоярмыз? Қалай ұмытармыз...

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, 

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Шындығы жоқ соғыстың жауынгерлері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар