Аймақтар
1 мин оқу 462

Шымкентте көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

<p style="text-align: justify;">Үшінші мегаполисте көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асады. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2018 жылғы есебінде айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.</p>

Шымкентте көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

Шаһар басшысының мәліметінше, көпбалалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін бюджеттен арнайы субсидия бөлінеді. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көпбалалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл - аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компанияларының осы бағыттағы шығындарына субсидия ретінде қаржы бөлеміз», - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

Бөлісу:
Шымкентте көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар