Астанада 10-сынып оқушысы құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарды
<p style="text-align: justify;">Астанада анасымен серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар келгенше оның анасына 10-сынып оқушысы көмектескен. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

2014 жылы дүниеге келген бала анасымен Қарасай батыр көшесінде серуендеп жүріп екі метр терең құдыққа түсіп кеткен. Бұл хабар құтқарушыларға 15 ақпанда сағат 11.30-да түскен.
«Құтқарушылар келгенше №39 мектептің 10-сынып оқушысы баланы құдықтап алып шықты. Құлаған бала №2 балалар қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқушыны құтқарушылар үйіне жеткізіп салды», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
2018 жылдың соңында Астананың сол жағалауында 200-ден аса беті ашық жатқан құдық анықталған. Әкімдік өкілдері ашық қалған құдық көргендерден хабарды 109 нөміріне жеткізуді сұрады.