Қазақстан
1 мин оқу 350

«ITiMAQORDA» паркі жобаларының көрмесі ұйымдастырылды

<p>Қызылорда қаласында &laquo;ITiMAQORDA&raquo; паркі жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.</p>

«ITiMAQORDA» паркі жобаларының көрмесі ұйымдастырылды

Мұнда видеокадрларды редакциялауға арналған Chromakey, «Ақылды үйдің» үш өлшемді Smart Home моделі, аймақтың көне қалаларының көрсетілімін туристерге ұсынуға арналған виртуалды және шынайы үлгісін бейнелейтін көзілдірік, 3D-принтерде орындалған дрондардың, танктердің және басқа да техникалардың үш өлшемді модельдері, сондай-ақ «Қазпошта» клиенттеріне қызмет көрсетуге көмектесетін Арман роботы ұсынылған.

- Облыс әкімінің қолдауымен Қызылордада «ITiMAQORDA» орталығы құрылды. Онда оқушылар, студенттер мен жастар осы және басқа да ақылды технологиялармен танысып, 3Д-принтермен, робототехникамен және басқа да заманауи құрылғылармен жұмыс істей алады,-деді «Ақпараттық технологиялар орталығының» директоры Сәбит Ибадуллаев.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
«ITiMAQORDA» паркі жобаларының көрмесі ұйымдастырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар