Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада басталды
<div> <p style="text-align: justify;">Жыл сайынғы дәстүрге айналған астаналық мемқызметкерлер арасында өтетін ХІ қалалық спартакиада басталды, деп хабарлайды <a href="http://elorda.info/">Елорда Инфо</a> Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. </p> </div>

Осы жылғы жарыс 17 ақпан мен 5 мамыр аралығында өтеді.
«Спорттық сайысқа Астана қаласының аудан әкімдіктері, департаменттер, басқармалар мен оларға қарасты мекемелердің қызметкерлерінен құралған командалар шақырылады», - деп хабарлайды қалалық басқарма.
Жарыс 12 спорт түрінен өтеді: шаңғы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі, эстафета, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, арқан тартыс, асық ату және бильярд.
Спорттық шараны ұйымдастырушы қалалық Мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімінің аппараты.