Өнер
2 мин оқу 1,083

Ислам каллиграфиясы

<p style="text-align: justify;">Көркемсурет жанрында ерекше орын алатын ислам каллиграфиясы бейнелеу өнерінің озық жетістігі саналады. Астанада өткен &laquo;Ислам каллиграфия өнері&raquo; атты көрмеде дүние жүзі каллиграфтарының 27 жұмысы көпшілік назарына ұсынылды.</p>

Ислам каллиграфиясы

Көрмеге қойылған шеберлік жұмыстарынан Құран Кәрім аяттары, пайғамбарымыз Мұхам­медтен (с.ғ.с) жеткен сабыр, ұят, иман туралы хадистері мен шы­ғыс ғұламаларының мазмұнға бай рубаяттары көрініс тапқан. Атап айтқанда, Мехмед Өзчай (Түркия), Мухаммед Хакки (Түркия), Мухаммад Аи Захид (Пәкістан), Махфуз Заннун әл-Убайди (Ирак), Сабер Сафаи (Иран), Абдессамад Михфад (Марокко) сынды ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылы­ми-зерттеу орталығының (IRICACA) калллиграфия бо­йынша әр жылдарда өткен ха­лық­аралық дәстүрлі байқауы жүл­дегерлерінің ай­шық­ты еңбек­терін көре аласыз. 

Салтанатты жиында сөз ал­ған ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылыми-зерттеу орта­лығының (IRICACA) бас директоры, доктор Халит Эрен ислам мәдениетін биікке шығару жолында түрік халықтарының да өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын айтады.

– Ислам ынтымақтастығы ұйымы ашылғалы бері 56 мем­лекеттің мәдени орталығы ретінде Ыстанбұлда жұмыс істеп келеді. Қазақстан да 1991 жылдан бері осы ұйымның мүшесі. Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін ғылы­ми-зерттеу орталығы (IRICACA) жылдағы дәстүрге сай биыл каллиграфтардың 11-ші жарысын ұйымдастырмақ. Одан бөлек алматылық ғалымдармен бірлесіп, «Каспий-Арал маңа­йын­дағы мәдени мұра» атты жо­баларды бастау жоспарда бар, – деген доктор Халит Эрен орта­лықта сақтаулы қолжазбалар жинағын Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына табыстады.

Ислам көркем жазуының та­нымал хаттасы (каллиграф) түркиялық Хасан Челеби Мекке мене Мединедегі мешіттерді әрлеуімен даңқы шыққан тұлға. Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы саналатын Мединедегі үлкен мешітті безендіруге ол аттай 3 жылын арнаған. Оның эстетикалық көркемдік формасымен дараланатын бірегей композициясының ұзындығы 1400 метрге, яғни бір жарым шақырымға пара-пар болып шыққан. 3 мыңнан астам оқушы тәрбиелеген Хасан Челеби сынды айтулы ұстаздың шәкірті, қазақстандық араб кал­лиграфиясының маманы Асыл­бек Орынбасаров та бүгінгі көр­меге арнайы шақырылған қо­нақтардың бірі. 

– 2006 жылы Каир қала­сындағы Халил аға каллигра­фия институтына оқуға түс­тім. Қазақстанның облыс ор­та­­лық­­тарындағы көптеген мешіт­тердің әрлеу жұмыстарына қа­тысып, өз қолтаңбамды қал­дыр­дым. Әр каллиграфтың өз қол­таңбасы, әдіс-тәсілі болады, – дейді ол. Бүгінде Асылбектің жұ­мыстары Қазақстан ғана емес, Швейцария, Ұлыбритания, Араб әмірліктеріндегі жекелеген коллекцияларда сақтаулы. Бүгінге дейін Астана, Алматы, Мәскеу қалаларында жеке шы­ғармашылық көрмесін өткіз­ген Асылбек 18 жылдан бері кал­ли­графия саласында табанды еңбек етіп келеді.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Ислам каллиграфиясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар