Жаңалықтар
1 мин оқу 360
Биатлоннан әлем кубогі кезеңінде эстафета жеңімпаздары анықталды
<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында биатлоннан әлем кубогінің сегізінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде биатлоншылар эстафетадан үздік команданы анықтады деп жазады Olympic.kz. </p>

Елизавета Бельченко мен Тимур Куц жұбы 19-шы орын иеленді. Олар мәреге 40 минут 2 секундта келді. Бұл сында Италия алтын, Австрия күміс, Франция қола медаль иеленді.
Аралас эстафетада Владислав Витенко, Роман Еремин, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатовалар сынға түскен болатын. Олар 18-шы сатыға табан тіреді. Франция алтын иеленсе, Германия мен Норвегия тиісінше күміс пен қоланы еншіледі.
Бөлісу: