Қазақстан
1 мин оқу 570

13 жасар Бақытжан екі баланы өрттен құтқарды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Үйде қараусыз қалған үш баланың үлкені түтіннен қорқып, көршісінен көмек сұраған. Ал 2005 жылғы көршісі анасына 101-ге хабарласуын ескертіп, өзі ойланбастан екі кішкене бала қалған үйге жүгіреді. Түтінге толған үйден ол 2013 жылғы қыз және 2015 жылғы ұл баланы алып шығыпты. Артынша үй өртке оранған.</p>

13 жасар Бақытжан екі баланы өрттен құтқарды

Оқиға 16 ақпан күні орын алған. Абай ауданы Құрсай мөлтек ауданындағы өрт шыққаны туралы хабарлама 16.39-да келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің 14 адамнан құралған тобы Жаңақұрылыс көшесіндегі уақытша салынған үйдегі (времянка) 60 шаршы метрді шарпыған өртті 2 сағатта сөндірген.

Мамандар анықтаған құтқарушы баланың аты-жөні – Бақытжан Құдайқұлұлы. Көрші баланың ержүректігі мен батылдығы екі бүлдіршіннің өмірін құтқаруға жәрдемдесті. «Балалардың қорыққаны болмаса, қазір жағдайы қанағаттанарлық.  Өрт болған кезде үйде ата-анасы болған жоқ. Мамандар өрттің себебін анықтауда», дейді департамент өкілі Мадияр Елеусізұлы.  

Қазір департамент атынан Бақытжанның барлық құжаттары ведомстволық наградаға жіберіліп жатыр. 

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
13 жасар Бақытжан екі баланы өрттен құтқарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар