Қазақстан
1 мин оқу 542

Баланың төлемақысы қанша?

<p>Жұмыс істейтін әйел&nbsp;Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан&nbsp;жүктілік және бала туу бойынша берілетін әлеуметтік төлемақыны тағайындауға жүгіне алады. Төлемақы көлемі әйелдің соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдер жасалатын орташа айлық табысына қатысты болады.&nbsp;&nbsp;Өткен жылдың қортындысы бойынша бұл төлемақының көлемі 391 170 теңгені құраған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.</p>

Баланың төлемақысы қанша?

Бала туғаннан кейін ол жәрдемақыны тағайындауға өтініші білдіре алады. Бала туғанда берілетін бірретік мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен бөлінеді, оның көлемі: бірінші балаға, екінші балаға, үшінші балаға - 95 950 теңге, төртінші және одан көп балаға  –159 075 теңге.

2018 жылы осындай жәрдемақыны 395 мың адам алған. Соңғы 3 жылда бұл жәрдемақының көлемі 38%-ға өсті. 2019 жылы осы жәрдемақыны төлеуге     42 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейін бала күтімі бойынша берілетін төлемақы  40% көлемінде соңғы екі жылдағы орташа табысына қарай тағайындалады.  Бұл төлемнің орташа көлемі 2018 жылы айына 32 361 теңгені құраған.

2018 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 400 мың ата-ана 165 млдр теңге көлемінде ана мен бала әлеуметтік төлемақысын алған. Сонымен қатар, жұмыс істейтін әйелдерге 1 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезінде  мемлекетпен міндетті зейнетақы жарнасы субсидияланады. 2019 жылы субсидияландыруға 5,8 млрд теңге бөлінген.

Бөлісу:
Баланың төлемақысы қанша? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар