Теннис
1 мин оқу 340
Теннисші Дмитрий Попко Түркиядағы ITF Futures турнирінде топ жарды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Түркияда өткен ITF Futures турнирінде жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz. </p>

Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құраған. Финалда Попко америкалық Себастьян Кордулды үш сет қорытындысы бойынша жеңді. Есеп: 6:4,3:6,6:3.
Сондай-ақ, жұптық сында да Дмитрий Попконың бағы жанды. Ол италиялық Рикардо Белоттимен бірге Эрнен Касанова/Томас Пучес жұбынан 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.
Осылайша, қазақстандық теннисші жыл басынан бері үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
ITF Futures — Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 1998 жылдан бері өткізетін ерлер арасындағы кәсіби теннисшілер турнирі. Бұл турнирде жиған ұпай ATP Challenger, АТР турларына өтуге мүмкіндік береді.
Бөлісу: