Қазақстан
1 мин оқу 330

Бердібек Сапарбаев: ақтөбеліктер тарифтердің төмендегенін сезінулері керек

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында коммуналды қызметтер тарифінің төмендеуін бақылайтын жұмыс топтары құрылды. Тиісті тапсырманы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды қызмет кәсіпорындарының басшылары қатысқан жиында берді. Бұл туралы&nbsp;Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі&nbsp; хабарлады.</p>

Бердібек Сапарбаев: ақтөбеліктер тарифтердің төмендегенін сезінулері керек

«Тарифтерді төмендеді дейсіздер, ал халық төмендегенін көріп тұрмағандарын айтады. Бірінші кезекте, халық мұны қалтасымен сезінуі керек»,-деді облыс әкімі коммуналды қызмет басшыларына.

Оның тапсырмасымен Ақтөбеде, сонымен қатар облыстың барлық аудандарында 19 ақпаннан бастап арзандатылған тарифтерге қатысты ағымдағы жағдайға мониторинг жасауға кірісетін жұмыс топтары құрылды.

Бердібек Сапарбаев: «Жұмыс топтарына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзге қоғам қайраткерлері де кіру керек. Пәтерлерді аралап, адамдармен сөйлессін, түбіртектерін алып, салыстырсын. Тарифтерді төмендету – мемлекет басшысының міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмасы, мұны әрбір үй иесі сезінуі керек»,- деп атап өтті.

Еске салайық, жаңа жылдан бастап өңірде коммуналды қызмметтердің барлық түрінің құны  төменген болатын. Коммуналды қызметтердің мәліметтеріне сүйенсек, облыста газ, жылу тарифтері 10,2%, жарық 3% арзандады. Сумен жабдықтау  5,5%, су тарту 5,9% төмендеген. Жеделсаты қызметінің тарифі 10% азайып, ПИК қызметі 7,3% арзандады. Домофон қызметі үшін ақтөбеліктер 5% арзан төлей бастады.

Бөлісу:
Бердібек Сапарбаев: ақтөбеліктер тарифтердің төмендегенін сезінулері керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар