56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасы іске асырыла бастады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлімдеді.<br /> </p>

«2018 жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 Ауылды Елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат - 1 249 елді мекенді Кең Жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр», деді Д.Абаев.
Оның айтуынша, 2018 жылы - «Трансеуразия суперақпараттық магистраль» халықаралық жобасы бойынша Каспий теңізі арқылы Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропаны біріктіретін, 15 000 километрден астам талшықты-оптикалық магистраль салу жұмыстары жалғасып жатыр.