Аймақтар
1 мин оқу 790

Кешенді жоспар жасалды

<p style="text-align: justify;">Облыста өткен жылдардағы көктемгі қарғын судың зардабын мұқият ескере отырып, су жүруі ықтимал елді мекендерді қауіпсіздендіру мақсатында кешенді жоспар жасалды. Облыстың 12 ауданындағы 43 елді мекенде жоғарыдағы жос&shy;парды жүзеге асыру жұмыстары тыңғылықты қолға алынып отыр.</p>

Кешенді жоспар жасалды

Қарғын су кідіріссіз өтуі үшін өзен аң­ғар­ларымен сабақтасып жатқан 10,2 шақы­рым су өтетін жыралар терең­деті­ліп, ені кеңейтілуде. Әдетте мұз сең­дері кептелетін өзендердің жағасын­дағы бөгеттердің 9,3 шақырымы биіктетіліп, нығайтылуда. 

Төтенше жағдайлар департаменті­не су тасқы­нының алдын алу шара­ларын тыңғы­лық­ты өткізу үшін облыс­тық бюджеттен 51 мил­лион теңге қара­жат қарастырылған. Бұл қаржы об­­­лыс аумағының үстінен ұшып бақы­лау­ға, ға­­рыш арқылы мониторинг жүргізу­ге және өзен-көлдердің алқымына кеп­­тел­ген сеңді жа­руға жұ­м­салады. Аймақ­та ай­тып келмейтін апат­тың ал­дын алуға 149,8 тонна жанар-жағармай, 5,2 мың тон­­­на инертті материалдар, 33,4 мың қап­қа са­лынған қатты заттар дайындалған. Бұл ба­ғыт­тағы жұмыс қар көбесі сөгілген­ше жалғаспақ.

Облыстың елді мекендерінен 110 мың текше метр қар шығарылды. Қауіптің бетін қайтаруға 2462 адам, 1321 арнайы техника дайын тұр. Оған қоса, 131 су айдайтын, 45 су үстінде жүзетін құ­рыл­ғылар бар. 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan» 

Ақмола облысы

Бөлісу:
Кешенді жоспар жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар