Теннис
1 мин оқу 362

Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті

<p style="text-align:justify">Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан АТР 250 турнирінің сериясында екінші айналымға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</p>

Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті

Алғашқы кездесуде Кукушкин америкалық Денис Кудланы екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші канадалық Денис Шаповаловқа қарсы ойнайды. 

Марсельдегі турнирдің жалпы жүлде қоры – 668 485 еуро. 

АТР 250 әлемдік туры – АТР ұйымдастыруымен өтетін кәсіби теннисшілерге арналған турнир. Ерлер арасындағы аталған жарыстар тізбегіне 40 турнир кіреді. 

Бөлісу:
Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар