Аймақтар
2 мин оқу 510

Жол жөндеуге отандық материалдар пайдаланылады

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында бірқатар көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Нақтырақ айтқанда, Адырбеков көшесі мен А2 жолы, Байтұрсынұлы көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, Қарабастау елдімекеніндегі Бадам өзенінен өтетін көпір жаңартылады. Сондай-ақ қаладағы көлік кептелісінің алдын алу мақсатында Қонаев даңғылын қала сыртына қарай ұзарту жұмыстары басталады.</p>

Жол жөндеуге отандық материалдар пайдаланылады

– Адырбеков көшесіндегі құрылыс жұмыстары 5 кезеңге бөлініп жобаланған. Жол құ­рылысына жауапты мердігер – «Kaz Construction» ЖШС. Екі бағыттағы көшені жаңарту барысында жолдың екі шетіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салынады, абаттандырылады. Адырбеков көшесі арқылы бү­гінде тәулігіне 13450 көлік өте­ді, кептеліс жиі болады. Қай­та құру жұмыстарынан кейін 4 жо­лақты жол салынып, бұл көлік қозғалысына да оңтайлы болмақ, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Басқарма басшысының сө­­­зіне сүйенсек, Адырбеков көшесін кеңейту барысында мемлекет мұқтаждығы үшін 65 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылмақ.

Мердігер мекеме жергілікті билік тарапынан жер мен ком­муналдық сұрақтар тез шешімін тапса, жол құрылысын жылдамдатып, ерте аяқтауға күш саламыз, деп отыр. 

Жол құрылысының жобасымен танысқан қала әкімі Ғаби­д­олла Әбдірахымов әкімдік та­рапынан бұл мәселенің қолға алынатындығын айтып, мер­дігерлерді жұмыстың сапасына баса назар аударуға шақырды. Жол құрылысына байланыс­ты қалалық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармаларына да тапсырма беріп, аталған кө­шенің қайта құру жобасына ве­лосипед жолағын қосуды ес­кертті.

Өз кезегінде мердігер меке­менің өкілі жол жөндеу жұ­мыс­тарын уақтылы аяқтауға уәде берді.

Былтыр ғана құбырлары жөн­­делген Байтұрсынұлы көше­сін аралап көрген шаһар басшысы ондағы бастапқы үлгілермен танысып, тротуар дизайнына таңдау жасады. Әкім аталған көшеге тек отандық құрылыс өнім­дерін пайдалануды тапсыр­ды.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Жол жөндеуге отандық материалдар пайдаланылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар