Жаңалықтар
1 мин оқу 440
Алматы облысында 6 индустриялық аймақ дамиды
<p style="text-align: justify;">«Алматы облысында жалпы көлемі 4192,5 гектарды құрайтын 6 индустриялық аймақты дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде» деді облыс әкімі А. Баталов тұрғындармен есепті кездесуінде.</p>

Әкімнің айтуынша бүгінде «Талдықорған» индустриялық аймағының инфрақұрылымын салу жұмысы аяқталған. Ал «Қайрат» индустриялық аймағындағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Боралдай» индустриялық аймағының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, «Береке» индустриялық аймағының инфрақұрылымын дамыту жобасы басталды. Сондай-ақ, «Қазбек бек», «Арна» индустриялық аймақтарының техникалық экономикалық негіздемелері әзірленуде.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы
Бөлісу: