Аймақтар
1 мин оқу 474
«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді
<p>23 ақпанда Тұңғыш Президент Саябағында биыл бірінші мәрте Қысқы жүгіру жарысы өтеді. Жарысқа 1200 ерікті қатысады. </p>

Маусымдық жүгіру жарыстары – 2019 жылы 21 сәуірде өтетін «Алматы марафоны» ірі спорттық шарасына дайындық кезеңі. «Қысқы жүгіру жарыстарына» қатысушыларға екі қашықтық дайындалған: негізгі – 10 км және балаларға арналған 3 км.
15-34 жас аралығындағы ересектерге - 10 км, 10-14 жас аралығындағы жасөспірімдеге - 3 км.
Жеңіпаздар өз жас санаттарында марапатталады. Сонымен бірге абсолютті жеңіпаздарды да марапаттау қарастырылған. Әр қатысушыға мәреші медалі беріледі.
Бөлісу: