Қазақстан
1 мин оқу 510

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align:justify">Бейсенбі күні Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметінен.</p>

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

«21 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 21 ақпанда жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Хабарда айтылғандай, 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Бөлісу:
Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар