Президент
1 мин оқу 400

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

<p style="text-align:justify">Кездесу барысында Қазақстан Президентіне &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; акционерлік қоғамының 2018 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз&nbsp;қызметі хабарлады.</p>

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері жақсы екенін айтты. 

– Жалпы, Қор қызметінің қорытындылары басқа жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Акционерлік қоғамның барлық компаниялары жылды табысты аяқтап, кірістерін арттыра түсті. Сонымен қатар, Қордың басқару деңгейлері жоспарлы түрде оңтайландырылды, – деді Елбасы.

А.Есімов Мемлекет басшысына Қор активтерін жекешелендіру барысы, «Қазақтелеком» және «Air Astana» компанияларын IPO-ға шығару жоспары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Сарыарқа» газ құбыры магистралін салу жұмыстарын қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар