Қазақстан
1 мин оқу 721

Барыстың плей-оффтағы қарсыласы анықталды

<p>Астаналық &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Төменгі Новгород қаласының &laquo;Торпедо&raquo; клубы қарсылас атанды.&nbsp;</p>

Барыстың плей-оффтағы қарсыласы анықталды

«Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының екінші орынмен аяқтаған болатын. Ал «Торпедо» өз алаңында «Трактордан» айласын асырып, 7-орынға табан тіреді. Осылайша, екі клуб плей-офф кезеңінде бір-біріне қарсылас атанбақ.

Плей-офф ойындары 26 ақпанда басталады. «Барыс» әуелі елордада сынға түссе, кейіннен сыртта ойнайды. Келесі кезеңге өту үшін командалар төрт ойында жеңіске жетуі керек. Алда-жалда командалар 4 матчта жеңімпаз анықтай алмаса, 6,8 және 10 наурыз күндері қосымша ойын өткізеді.

Жалпы, «Торпедо» мен «Барыс» бүгінге дейін 24 мәрте кездескен-ді. Соның 13 ойынында астаналықтар басым түссе, қалғанында «Торпедоның» бағы жанған.

Ойындар кестесі:

26 және 28 ақпан – Астана, 19:30;

2 және 4 наурыз – Төменгі Новгород,

Астана уақыты бойынша 20:00 және 22:00

Төрт ойыннан кейін жеңімпаз анықталмаған жағдайда.

6 наурыз – Астана, 19:30;

8 наурыз – Төменгі Новгород, 20:00;

10 наурыз – Астана, 19:30;

Бөлісу:
Барыстың плей-оффтағы қарсыласы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар