Теннис
1 мин оқу 370
Михаил Кукушкин Марсельде сәтті ойнауда
<p style="text-align: justify;">Теннистен ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 744 010 евроны құраған турнирде сәтті өнер көрсетуде. </p>

Тұсаукесер кездесуінде ол Украинадан АҚШ-қа қоныс аударған әлемнің 61 ракеткасы Денис Кудланы қапы қалдырған болатын. Келесі кезеңде жерлесіміздің жолы АТР рейтингінде 25 орында тұрған Денис Шапаваловпен қиысты. Ол Израильде туып-өскенімен, қазіргі кезде Канаданың намысын қорғауда. Бұл бәсекеде де Михаил Кукушкиннің асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4, 7:6. Енді біздің өрен ширек финалда италиялық Маттео Берретинни мен ресейлік Андрей Рублев арасындағы бәсекенің жеңімпазымен күш сынасады.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Бөлісу: