Қазақстан
1 мин оқу 730

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

<p style="text-align: justify;">Іс-шара&nbsp;21-23 ақпан аралығында&nbsp;өтеді. Бұл туралы&nbsp;Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Елорда аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Астана қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 21-23 ақпан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс - шарасын өткізуде.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, қала аудандарының жеке секторларында, оның ішінде шеткі және саяжай алқаптарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын өткізуде», – делінген баспасөз хабарламасында.

Бөлісу:
Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар