Әлем
1 мин оқу 466
Бангладеште өрт салдарынан 81 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бангладеш астанасы Даккада төрт қабатты тұрғын үй өртеніп, 81 адам қайтыс болды. Бұл туралы The Bangladesh Observer газеті хабарлады.<br /> </p>

Ұлттық өрт қызметінің басшысы Али Ахмед «қаза тапқандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр» деді.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, оқиға Дакка қаласының ескі аудандарының бірінде болған. Ғимараттың бірінші қабатында химикаттар қоймасы болған. Өрт көрші ғимараттарға да жеткен.
Бөлісу: