Қазақстан
1 мин оқу 383
Нұрлан Ермекбаев «Байқоңыр» ғарыш кешеніне барды
<p style="text-align: justify;">Кеше Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев «Байқоңыр» ғарыш кешеніне барып қайтты. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.</p>

Қазақстанның Қорғаныс ведомствосының басшысы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің өкілдерімен бірге «Зенит» ғарыш зымыран кешенінде болды. Аталмыш кешеннің базасында қазақстандық-ресейлік «Бәйтерек» жобасы жүзеге асырылады.
«Қазақстандық делегация сонымен қатар бортында мысырлық спутник бар «Союз-2» зымырантасығышының ұшырылу сәтін бақылады» деп хабарлады Қазғарыш өкілдері.
Бөлісу: