Жаңалықтар
2 мин оқу 537

Әйелдердің «ісі» әшкереленеді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының құрметті азаматы, жазушы-драматург Елен Әлімжанның комедия жанрындағы &laquo;Әйелдер бір іс бастады&raquo; драмасы облыстық қазақ драма театрында сахналанды. Аталған қойылымды Әулиеата жұртшылығымен қатар, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы келіп тамашалады.</p>

Әйелдердің «ісі» әшкереленеді

Бүгінгі таңда ерлі-зайып­­тылардың арасында түрлі мәсе­лелер туындап, оның соңы отба­сылық шырғалаңға ұласып жа­тады. Мұндай жағдай, әсіресе жастардың арасында көп кездеседі. Орынсыз қыз­­­­ғаныш, беймәлім күдік те ер­лі-зайыптылардың арасына от жағып, ақырында опық жегізетіні шын. Елен Әлімжан «Әйелдер бір іс бастады» драмасында осындай әрекеттерді әшкерелеп, көрерменді күлдіре отырып ойлануға жетелеуді мақ­сат еткен. Шығармада күйеу­лерін бір-біріне өзара жамандап, олардан күдіктеніп, ақыры оны тұзаққа түсіруді көксеген әйел­дердің бейнесі де ашық берілген. Жалпы, байлықтың буына мастану, сол арқылы жауапкершілік сезінбестен ойнап-күлуді мақсат еткен кей­бір қоғамдағы еркектердің де прототипі осы драмада бар. 

«Әрине «Әйелдер бір іс бас­тады» комедиясы – ол ме­нің шындықты беру тәсілім. Отба­сындағы, қоғамдағы шындық­ты халықты күлдіре отырып жет­кізіп, содан соң ойландыру. Бұл шығарманы осындай мақсатпен жаздым», дейді драматург Елен Әлімжан.

Бір қарағанда, қойылым көңіл­ді көріністерге құрылған. Өз­ара көңіл көтеріп отырған Ең­лікгүл, Гүлбибі және Ая­жан деген үш келіншек ер-азамат­тарының адалдығына көз жеткізбек болып, түрлі қу­лық­тарға барады. Бірақ осы бір көріністің өзі бүгінгі қоғамда, әрбір отбасында кездесіп жататыны белгілі. Ал сахнадағы үш келіншектің бейнесін сомдаған Гауһар Сұлтанбекова, Индира Мұстафаева және Назым Ақы­­ло­ва өздеріне тиесілі рөлді ла­йықты меңгергенін көрсетсе, Жасұлан Қамбатыров өзі сом­даған бейнесі арқылы әр­бір азаматтың өз отбасына тиіс­ті көңіл бөлуі керектігін ұғын­дырады. Бұл тұрғыда облыстық қазақ драма театрының шығар­машылық ұжымы осы қойылым арқылы өмірдегі отбасы құн­ды­лығын алға шығарған. Коме­­дияның қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, ал қоюшы-суретшісі Әйгерім Рамазан.

Хамит ЕСАМАН, 

«Egemen Qazaqstan»

Жамбыл облысы 

Бөлісу:
Әйелдердің «ісі» әшкереленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар