Күрес
1 мин оқу 600

Еркін күрестен Қазақстан командасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

<p style="text-align: justify;">Еркін күрестен Қазақстан командасы Алматы облысындағы АІВА базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Бұл туралы&nbsp;Olympic.kz хабарлады.</p>

Еркін күрестен Қазақстан командасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

АІВА академиясында өткен жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Литва ұлттық құрамалары қатысты. 

«Шымкенттегі ел Спартакиадасы аяқталған бетте-ақ жаттығу жиындарын бастап кеттік. Жиынға бес ел спортшылары қатысып, балуандар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Жыл басында шетелдіктермен бірлесіп дайындық өткізу спортшылар үшін де қолайлы. Болашақ қарсыластарының қыр-сырын біліп, шеберліктерін арттыра түседі. Енді біз Болгарияда өтетін халықаралық турнирге аттанамыз», - дейді еркін күрестен команда бас бапкері Әсет Серікбаев. 

Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасы 27 ақпан - 4наурыз аралығында Болгарияның Русе қаласында өтетін «Dan Kolov-Nikola Petrov» турниріне қатысады. 

Бөлісу: