Ұлттық стандартқа ұсыныстар жинақталуда
<p style="text-align: justify;">Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев ұлттық стандарттар әзірлеуге ұсыныстар жинақталып жатқандығын айтты.</p>

«Тоғыз ұсыныс уәкілетті органға қарау үшін жолданды. Олар: «Қуат» ЖШС-нен поливинхлоридтен және полиэтиленнен дайындалған құбырлар туралы 4 ұсыныс-өтініш, «Smart Rubber» ЖШС-нен резина ұнтақтағы және топырақ суғару трубалары туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Электортехнология» ЖШС-нен автоматикалық басқару станциясы және электродвигательді басқару станциясы туралы 2 ұсыныс-өтініш, «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Қызылорда филиалының биологиялық белсенді қоспалар методикасы туралы 1 өтініш-ұсыныс түскен», - деді Ерқанат Кеулімжаев.
Сонымен қатар, өнімдерді каталогтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы