Үкімет
1 мин оқу 512

Мәжіліс Ж.Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне мақұлдады

<p style="text-align:justify">Мәжіліс Жеңіс Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындауға келісім берді. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Мәжіліс Ж.Қасымбекті Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне мақұлдады

Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өткен болатын. Жиында сөз алған Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов жаңа қызметке ұсынылып отырған Ж.Қасымбектің Үкімет жұмысын стратегиялық мақсатта дамытуға лайық кандидат екенін атап өтті. 

Іс-шара барысында комитет мүшелері Ж.Қасымбекке бірқатар сұрақ қойып, шешім қабылдады. Жиын соңында депутаттар оған алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу: